Перуде Денге безгегі өршіп тұр

797

Перуде Денге безгегі өршіп тұр

Перуде Денге безгегіне байланысты 3 айға дейін төтенше жағдай жарияланды. Себебі билік жауыннан кейін су тасқыны жүрген аймақтарда түрлі ауру түрлері пайда болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Әсіресе масалардың шағуынан Денге, Зика және Чикунгунья індеті таралады. Қазірдің өзінде 80-ге жуық адамның Денге безгегіне шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды 24Хабар.

Мамандардың айтуынша, бұл дерттерді басталмай жатып емдеген жөн.  Алайда су тасқынының кесірінен елді мекендерге дәрі-дәрмек жеткізу қиындаған. Зардап шеккен аудандарға 3 мың әскери жіберіліп, 168 мың тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Ал ауа райын болжаушылар жауын-шашын сәуір айына дейін жалғасады деп отыр.

"Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына үлкен қауіп төніп тұрғандықтан төтенше жағдай жарияладық. Оның үстіне өңірлерде ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі бұзылған. Төтенше жағдай 90 күнге дейін созылады", – Перудің премьер-министрі Фернандо Завала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу