Перуде шахтаға жасалған шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапты

330

Зардап шеккен үш адам ауыр халде.  

Перуде шахтаға жасалған шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапты Фото: AP Photo

Перудің Патас провинциясындағы шахтаға қарулы адамдар шабуылдап, салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тапты. Тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қаскөйлер тобы Патас провинциясында орналасқан Poderosa тау-кен компаниясының нысандарына баса-көктеп кіріп, компанияның күзетшілерімен атысқан. Төрт адамды кепілге алған.

Олар шахта ішінде жарылғыш құрылғыны іске қосқан.

Зардап шеккен үш адам ауыр халде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу