Перуде су тасқынынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

646

Перуде су тасқынынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Перу билігі төтенше жағдай режімін жариялады. Елде соңғы 10 жылда болмаған су тасқыны болды, деп хабарлайды baq.kz.

16 наурыздан бері табиғи апаттан 60-тан астам адам зардап шеккен. Сондай-ақ 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Биліктегілердің мәліметіне жүгінсек, елдің 25 ауданын су басқан. Табиғат апатынан 8 мыңға жуық ғимарат қирап, 546 мың тұрғын зардап шеккен. Ел астанасы Лима мектептерінде сабақ тоқтатылды.

"Нуэво-Чимботедегі мектептерде сабақ жоқ. 40-қа жуық білім ордасында жарты метрден аса су бар. Бізде жарық та, су да жоқ. Көшелерді су басқан, тіпті қатынасатын көліктер де табылмайды. Чимботеден шығу мүмкін болмай тұр", – дейді қала мэрі Валентин Фернандес.

Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын әлі екі аптаға созылуы мүмкін. Енді ылғалды ауа райы ауру тарата бастады. Қазір Пиура ауданында денге безгегі тарап жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу