Перуде үкіметке қарсы акциялар барысында екі адам қаза тапты

479

Наразылықтар толқынына ел президенті Педро Кастильоның импичменті мен қамауға алынуына түрткі болды.    

Перуде үкіметке қарсы акциялар барысында екі адам қаза тапты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Перуде полиция үкіметке қарсы акцияларға қатысушыларды тарату үшін күш қолданды: екі адам қаза тапты, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сілтеме жасап.

Педро Кастильо президенттік тақтан түскеннен кейін мыңға жуық наразылық акциялар басталды, оның орнын сегізінші желтоқсанда Дина Болуарте басты.

Елдің оңтүстігіндегі Андауайлас қаласында демонстранттар баррикадалар орнатып, жолдарда от жағып, көшелерді басып алмақ болғар, ал полиция жауап ретінде су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Перу Ұлттық полициясы ереуілшілдерді тарату кезінде азаматтардың қайтыс болуына, жарақат алуына байланысты өкініш білдірді.

Перудің бірқатар аудандарында наразылық акцияларына қатысушылар Парламенттің жұмысын тоқтатуды және Педро Кастильоға импичмент жарияланып, қамауға алынғаннан кейін дереу жалпы сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді талап етті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу