Перу билігі Лимадағы жаппай наразылықтарға байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
"Біз астана аумағында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдамақпыз", – деді министрлер кабинетінің басшысы Эрнесто Альварес.
Лимада үкіметке қарсы наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыс салдарынан 32 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам адам жараланған. Олардың дені – тәртіп сақшылары.
Наразылықтар Дина Болуарте қызметінен шеттетіліп, оның орнына Хосе Хери президент лауазымына кіріскеннен кейін басталды. Болуарте қызметінен шеттетілген болатын.
Сәрсенбі күні өткен шерулер жастардың бастамасымен ұйымдастырылған. Белсенділер үкіметтен қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді талап етіп отыр.
Хосе Хери Перудің соңғы 8 жыл ішіндегі жетінші президенті атанды.