Перудің экс-премьері қамауға алынды

774

Сонымен қатар бақылау-қадағалау органдарының жоғары лауазымды екі қызметкері мен жергілікті кәсіпкер абақтыға қамалды.

Перудің экс-премьері қамауға алынды

Перудің экс-премьері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды. Сондай-ақ сот тәртіп сақшыларына саясаткердің үйін тінтуге рұқсат берді. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлады.

Сонымен қатар бақылау-қадағалау органдарының жоғары лауазымды екі қызметкері мен жергілікті кәсіпкер абақтыға қамалды. Оларға қызметтерін асыра пайдаланды деген айып тағылуда. 

Аndina агенттігінің хабарлауынша, елдің бұрынғы үкімет басшысы Сесар Вильянуэва бразилиялық Odebrecht құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық қудалау процесін өткіздірмеуге тырысқан. Яғни ол 2007-2013 жылдары Сан-Мартин өңірінің губернаторы болған кезде осы компанияға жол құрылысын жүргізу тендерін ұтып алуға көмектескен көрінеді. 

Айта кетейік, Вильянуэва екі мәрте премьерлік қызметте болған. Ол президент Ольянт Умаланың министрлер кабинетіне 2013 жылдың қазанынан 2014 жылдың ақпанына дейін басшылық еткен. Содан кейін Мартин Вискарре билігінің тұсында, яғни 2018 жылдың сәуірінен бастап 2019 жылдың наурызына дейін премьер-министр қызметін атқарды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу