Перу соты бұрынғы президент Ольянта Умала мен оның әйелі Надин Эредияны 2006 және 2011 жылдардағы сайлау науқандарын қаржыландыру үшін Оңтүстік Американың тұлғаларынан алынған қаражатты жылыстатқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот Венесуэланың бұрынғы үкіметі Уго Чавес пен бразилиялық Odebretch компаниясы 2006 және 2011 жылдары Ольянта Умаланың сайлау науқанын алаяқтық схемалар арқылы қаржыландырды деп таныды.
Перу Ұлттық Жоғарғы сотының судьялары анықтағандай, Умала мен Эредия сайлау науқандарын қаржыландыру үшін бірнеше миллион қаржыны заңсыз қайырымдылық ретінде алған. Тиісті қаражат Бразилияның Odebrecht құрылыс компаниясы мен Венесуэланың бұрынғы президенті Уго Чавестің (1999-2013) үкіметінен түскені белгілі болды.
Осылайша Умала сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған Перудің үшінші басшысы атанды.
Ерлі-зайыптыларға қатысты сот 2022 жылы басталған болатын. Ольянта Умала мен оның әйелі Надин Эредиядан бөлек тағы 8 адам кінәлі деп танылды.