Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездескен Перудің Resemin компаниясының президенті Жеймс Валензуела Мурилло аймақта тау-кен кенішіне арналған машиналар мен қондырғылар шығаратын зауыт салу ниетін жеткізді, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".
Шығыс Қазақстанда құрастырылған машиналар мен қондырғылар Қазақстанның ішкі нарығымен қатар, Орталық Азия мен Ресейге экспортталады, деп мәлім етті Resemin басшысы.
Облыс әкімі инвестордың ұсынысын қолдап, әкімнің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың жетекшілігімен жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы Resemin компаниясы өкілдерімен бірлесе отырып жобаны іске асыру жоспарын жасайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу