"Перзентхана мен балалар үйінің мамандары пачка-пачка доллар ұстап жүрген..."

10701

Журналист Қымбат Досжан Бельгиядан келіп, ата-анасын іздеген Жәнібектің оқиғасы тоғысында 2000-шы жылдары дәрігерлердің дөңгелеткен кәсібінің бетін ашты. 

"Перзентхана мен балалар үйінің мамандары пачка-пачка доллар ұстап жүрген..." Фото: Бейнежазбадан

Балалар үйінің қызметкерлері мен перзентханадағы дәрігерлер сол кездің өзінде бума-бума ақшамен жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қымбат Досжанның айтуынша, сол кездері дәрігерлер түрлі себептермен баланы алып қалып, кейін шетелдік отбасыларға сатуды кәсіп еткен.

"Анонимді хаттарға келер болсақ, мысалы, электронды пошта арқылы хат жіберіп не келіп кездесіп өз оқиғаларын баяндап жатқандар болды. Ел құлағы елу, халықтың аузына қақпақ бола алмайсын. Халық жады ешқашан өшпейді. Сол кездегі перзентхана мен сәбилер үйінде дәрігерлер пачка-пачка доллар ұстап жүргендерін көрдік. Біз базарда тұрғанда бізден келіп, бағасына қарамай киім болса киім, тамақ болса тамақтай алып кететін. 2000-шы жылдарлың басындағы қалыпты жағдай", — деді журналист "Сұрауы бар" YouTube арнасына берген сұхбатында.

Журналистің айтуынша, бұл — бір ғана Арқалық перзентханасының мәселесі емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу