Перзентханадан айыппұл тұрағына: Кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты

127

Қонаев қаласының соты Алматы — Өскемен тасжолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілеріне қатысты шешім шығарды.  

Перзентханадан айыппұл тұрағына: Кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты Фото: бейнеден скриншот

Еске сала кетсек, желіде бірнеше көліктің өзге жүргізушілердің жолын бөгеген сәті түсірілген видео тараған еді. Полицейлердің анықтауынша, жол ережесін бұзушылар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күндік қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, жолда қауіп төндіретін кез келген әрекет жазаланатынын еске салды. Ереже бұзушылар міндетті түрде тиісті жазаға тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу