Перзидент Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

852

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Перзидент Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады",- деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, елші жақында "Қазақ мемлекетінің қысқа атауын QAZAQIA дегеніміз жөн болар" деген ұсыныс білдірген болатын.

Сондай-ақ , Қайрат Лама Шариф "бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияға "әкімшілік-аймақтық өңірлер" деген жаңа бап қосып, отаршыл Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы мәжбүрлеп енгізген елді мекендердің даулы атауларынан біржолата құтылуға болады" деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу