Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі

87

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.  

Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі Фото: atlanticcouncil.org

Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп жақын арада тағы телефон арқылы әңгіме өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ең жақын уақытта. Біз сіздерге хабарлаймыз", – деді Песков тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ одан Кремльде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы кеше өткен келіссөздерге қандай баға берілетіні сұралды.

"Келіссөздердің қалай өткенін білмейміз, сондықтан баға бере алмаймыз. РФ президенті мен АҚШ президенті осы келіссөздерден кейін тағы бір мәрте сөйлесуге уағдаласты. Сол кезде ақпарат аламыз", – деп жауап берді Кремль өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу