Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РБК радиосына берген сұхбатында Владимир Зеленскийдің Қазақстанда Владимир Путинмен кездесу өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап.
Бір күн бұрын Украина президенті Fox News эфирінде келіссөздер жүргізуге болатын елдердің тізімін жасаған болатын. Олардың қатарында Түркия, Сауд Арабиясы, Катар, Австрия, Швейцария, Қазақстан бар.
"Украиндықтар көптеген елдерді атай отырып, алдымен Қазақстанға емес, біз үшін мүлде қолайсыз елдерге сүйенді. Қалай болғанда да, Швейцария немесе Австрия бейтарап болып саналады. Бірақ олар біз үшін іс жүзінде бейтарап емес. Мұны ескеру керек", – деді Песков.
Баспасөз хатшысы бұған дейін Путин Зеленскийге қауіпсіздікке кепілдік бере отырып, Мәскеуде кездесу өткізуді ұсынғанын айтты.