Пестицидтерді Өзбекстаннан заңсыз алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

830

Заңсыз тауардың құны 1 454 545 теңгені құрайды.

Пестицидтерді Өзбекстаннан заңсыз алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

"Қапланбек" кеден бекетінде заңсыз жүк қолға түсірілді. Декларацияланбаған тауардың жалпы құны 2 млн теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

"Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеру кезінде декларацияланбаған тауар анықталды. Қазақстан азаматы шекара арқылы "AKARA BIO препараты" (акарицид) пестицидтерін заңсыз алып өтпек болған. Одан 50 қаптама табылды, олардың әрқайсысында бес литрлік 4 ыдыстан бар. Заңсыз тауардың құны 1 454 545 теңгені құрайды",– деп жазылған комитет хабарламасында. 

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын дәл сол кеден бекеті арқылы декларацияланбаған темекі бұйымдарын алып өтпек тағы бір адам ұсталған еді. Өзбекстанға бағыт алған автокөліктен 600 қорап "Heets" темекісінің стиктері табылды. Анықталғандай, ұсталған адам заттарды Ресей Федерациясынан алып келе жатқан.

Ресми орган бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу