Алдын-ала мәліметке жүгінсек Сан-Петербор қаласында метродағы жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқан. Жарыслыстан өзі де оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды baq.kz.
"Тиісті зерттеуден кейін белгілі болғаны – жарылғыш құрылғы жанкештінің денесіне байланған, не рюкзакта болған, не белінен жоғары ұстап тұрған. Бұл деректі оның жанында тұрған азаматтардың жарылыстан кейін белінен жоғары жараланғандығынан байқауға болады", – деп жазды ТАСС басылымы.
Метродағы жойқын жарылысты ұйымдастырған азаматтың кім екені алдын-ала белгілі болды. Ол – Орта Азияның тумасы. Жанкештінің сириялық қарулы топтармен байланысы болған.
Тиісті зерттеуден кейін жанкештінің метродағы вагонның ортасында есіктің маңында тұрғандығы белгілі болды.
Айта кетейік, кеше Ресейдің Сан-Петербор қаласындағы метрода жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан, кем дегенде, 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті.