"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобы (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған) 27 желтоқсан күні Санкт-Петербургтегі ойын-сауық орталығында болған жарылысқа жауапкершілікті мойнына алды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.
Сәрсенбі күні "Перекресток" дүкенінің 1-ші қабатындағы жүк сақтау қоймасының маңында "Гигант Холл" ойын-сауық кешенінде белгісіз зат жарылғанын хабарлаған едік. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, 18 адам зардап шеккен, соның тоғызы әлі ауруханада жатыр.
РФ президенті Владимир Путин оқиғаны теракт деп атады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу