Петиция бойынша жазбаша арыздарды қалай беруге болады?

475

Мәдениет және ақпарат министрлігі “Петициялар бойынша жазбаша арыздардың нысандарын бекіту туралы” бұйрық жобасын әзірледі.  

Петиция бойынша жазбаша арыздарды қалай беруге болады? Фото: Informburo.kz

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Мұнда петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы және интернет-ресурста петицияға қосылу туралы жазбаша арыздардың нысандары көрсетілген.

Азамат петиция беру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органына өтініш беруі керек. Екі құжатта да өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, нақты тұрғылықты мекен-жайы, тіркелген жерінің мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетілу қажет. Интернет-ресурстағы петицияға қосылу туралы арызда петицияның мазмұны да жазылуы тиіс. Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арызда петицияның нысанасы бойынша дәлелдер және ұсыныстар қоса беріледі.

Бұдан басқа өтініштерде петицияға жеке куәліктің көшірмесі, өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны петиция берушінің өкілі берсе), петицияға қатысты растайтын құжаттар және қажет болған жағдайда өзге де материалдар қоса беріледі.

Құжатты жария талқылау мерзімі – 27 қазанға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу