Петиция қажетті дауыс жинаса, еліміз бірыңғай уақыт белдеуінен бас тарта ма?

311

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция жарияланды. 

Петиция қажетті дауыс жинаса, еліміз бірыңғай уақыт белдеуінен бас тарта ма? Фото: Дзен

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Осыған дейін орынбасарым петицияны жұмысқа алу үшін тиісті дауыс жиналу керегін айтқан болатын. Өздеріңізге белгілі, 50 мың дауыс керек. Тиісті алгоритм бар, екі ай бойы осы мәселе қаралып жатыр. Сондықтан да осы петиция қажетті дауыс жиналғанын күтейік. Одан кейін мәселені бекітілген тәртіп бойынша қарастыратын боламыз", - деді Арман Шаққалиев.

Тілші жекелеген өңірлердің тұрғындары бұрынғы уақыт белдеуін қайтару бойынша өтінішпен жүгінді ме деп сұрады. 

"Бізге нақты ондай өтініш келіп түскен жоқ. Бұл қоғамдық сұрақ болғандықтан, пікірлер болғандығы белгілі. Ешкім де ешқайда оралмайды. Барлығымыз бір уақыт белдеуіндеміз. Петицияны күтейік", - деп жауап берді министр.

Айта кету керек, осыған дейін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжіліс кулуарында бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу