Петр Порошенко Қазақстан президентіне Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді

974

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

 Петр Порошенко Қазақстан президентіне Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қазақстан мен Украина арасындағы байланыстардың жандана түскенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды, сондай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Украина президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді. Осыған орай, Қазақстан президенті бұл мәселенің Украина мен Ресей тараптары арасындағы келіссөздер арқылы тезірек шешілуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу