Петропавлдағы ет өңдеу кәсіпорны Ресейге экспортты тоқтатты

809

Ресей шекарасында "Платон" атты бағдарлама енгізілгелі, отандық өнім тасымалы тұралап қалған.

Петропавлдағы ет өңдеу кәсіпорны Ресейге экспортты тоқтатты

Петропавл қаласында ет өңдеу кәсіпорны экспортты тоқтатты, деп хабарлайды 247kz.

Ресей шекарасында "Платон" атты бағдарлама енгізілгелі, отандық өнім тасымалы тұралап қалған. Кәсіпкерлердің айтуынша, тексеріс жүйесінің талаптары тым қатал. Тіпті тиелген тауар жарты келіге жеңілдеп қалса, жүк көлігі кері қайтарылады екен.

Құс еті Ресейге 26 қыркүйектен бастап сатылмайды. Қазір жергілікті мамандар Астанадағы ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетіне тиісті құжаттарды жолдады. Енді мәселені солар шешуге тиіс. Әзірге құс өнімдері Ауғанстанға сауданалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу