Қазіргі уақытта ЖЭО-2-де тек екі қазандық және екі турбина жұмыс істеп тұр. Бұл ақпаратты "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі растады, алайда облыс орталығында жылумен жабдықтау қашан қалпына келеді деген сұраққа жауап бере алмады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Петропавл 2-ЖЭО-да үш құбырдың бірі құлап түскен. Салдарынан қазандыққа зақым келді. Қоқыс астында 37 жастағы қызметкер қайтыс болды. Ауқымды апаттың себебін арнайы комиссия анықтап жатқаны хабарланды.
Фото: Петропавловск News
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу