Петропавл әкімдігі 32 млн теңгеге аялдама сатып алмақ

545

Мемлекеттік сатып алу сайтында осындай байқау жарияланды. Талап бойынша жабық аялдамалар жазда желдетіліп, қыста жылытылуы керек.  

Петропавл әкімдігі 32 млн теңгеге аялдама сатып алмақ Фото: azattyq-ruhy.kz

Әкімдік өкілдері құрылыс материалдары қымбаттағандықтан, аялдаманың құны арзан болмайды деп ақталды, деп жазады inbusiness.kz.

"41 шаршы метрге дейін, үшке бөлінеді, екеуі жылы аялдама болады және де 1 бөлмесінде, оны жаңағы байқау аяқталғаннан кейін шешіледі. Құны 32 млн теңгеге екі аялдама. Ол жаңағы нарықтағы бағаларға сәйкес жасалды", - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Ал, тұрғындар Петропавлда 16 млн теңгеге орталықта орналасқан жаңа үйлерден бір бөлмелі, ал қаланың шеткі аудандарынан 2 бөлмелі пәтер сатып алуға болады деген ұстанымда.

Былтыр облыс орталығында осындай бірнеше аялдама салынған еді. Алайда әлі күнге жабық тұр. Ал автобус күткен жолаушылар сыртта тоңып отыруға мәжбүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу