Петропавл әкімдігінің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иемденген

637

Енді оңай олжаға дәніккендер 6 немесе 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен біржола шеттетіледі.

Петропавл әкімдігінің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иемденген

Петропавл әкімдігінің қызметкерлері 17 пәтерді заңсыз иемденген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, ұсталған жоғары лауазымдағы тұлғалар өз қызметін асыра пайдаланған. Нақты айтқанда, тұрғындардан сүрілетін үйлерді жер телімдерімен қоса сатып алып, кейін оны бөлу арқылы меншік иелерінің санын көбейтіп отырған. Осылайша, тұрғын үй қорынан бір емес, бірнеше пәтерді алып келген. Салдарынан, мемлекетке 213 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу