Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы петицияға қатысты пікір білдірді

804

Петропавл әкімі Болат Жұмабеков қаланың атын өзгерту туралы онлайн-петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы петицияға қатысты пікір білдірді

"Мен, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсы тарап пікірталастары жүріп жатқанын байқадым. Бұл петицияны мемлекеттік емес сайтта жеке тұлға жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді", – деді Жұмабеков Facebook-парақшасында. 

Әкім бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау қалада тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетінін айтады.

"Сондықтан мен азаматтарды өзара құрмет көрсетуге шақырамын және әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салғым келеді", – деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу