Көліктегі полицияның мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін әуе компаниясының өкілдері ер адамды Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, ішімдік ішкен алматылық ұшақта экипаж мүшелерінің талаптарына бағынбаған, балағат сөздер айтып, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудырған.
Ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы: қоғамдық орынға мас күйінде келу, әуе кемесінде тәртіп ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік іс қозғалды.
Ұсақ бұзақылық ісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.