Бұл туралы қаланың әуе кассаларының дерегіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
Әуежай ұшақтарды 8 қарашадан бастап қабылдай бастады. Әзірше тек Астанамен ғана әуеқатынасы реттелген. Қаладағы әуе кассалары рейстер аптасына екі рет: сейсенбі және сенбі күндері болатынын айтады. Билеттің құны 10 мың теңге. Ұшақ Перопавлға 12:50-де ұшып келеді, ал Астанаға қарай 13:40-та аттанады.
Петропавлдың ұшу-қону жолағына жөндеу аяқталды, ал терминалды жаңғырту әлі де жүріп жатыр. Айта кетейік, ұшу-қону жолағын қайта жасауға, тиісті қондырғыларды орнатуға республикалық бюджеттен 6 млрд теңге, ал жолаушылар терминалының ғимаратын жаңғыртуға 1,29 млрд теңге бөлінген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу