Петропавл әуежайы қызметкерлерінің бір тиынын зейнетақы қорына аудармаған

468

14 жыл бойы зейнетақы қорына көк тиын аударылмаған.  

Петропавл әуежайы қызметкерлерінің бір тиынын зейнетақы қорына аудармаған Фото: egemen.kz

Петропавл халықаралық әуежайының 100-ден астам жұмысшысы бірнеше жылдан бері ақ адал ақшасын даулап, қайтара алмай жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

"Петропавл халықаралық әуежайы" 2021 жылы қызметін тоқтатқан. Мекеме жұмысшыларға 35 млн теңге берешек.

Көлік жүргізушісі Марат Шорманбаевтың айтуынша, жалақыдан зейнетақы қорына жарна қорға түспеген. 2007-ден 2021 жылға дейін 14 жыл бойы еңбек еттім. Алайда, ол еңбек өтілі ретінде саналмайды.

Еңбек өтілі есепке алынбағандықтан зейнетке шыққан азаматтарға ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалып келген. Жалақы бойынша жылдар бойы жиналған қарыз өтелген.

Бірақ кәсіпорынның бұрынғы басшылығының айтуынша, зейнетақы қорына аударатын қаржы жоқ.

Қазір мекемені банкрот деп тану процедуралары жүріп жатыр. Ал, соңғы екі жыл көлемінде жолаушыларға Қызылжар халықаралық әуежайы қызмет көрсетіп келеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу