Петропавл қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін "e-Gov Mobile" қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті қолдану мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile жүйесінде авторланған азамат "Цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауы тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек.
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді.
Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн.