Петропавл қаласында 1,2 мыңнан аса саяжай суда қалды

923

Петропавл қаласында 1,2 мыңнан аса саяжай суда қалды

Петропавл қаласында жан-жаққа жайылған Есіл өзені саяжайларды басып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің есебінше, бүгінгі таңда 1237 саяжай учаскесі су астында тұр. Онда ешкім тұрмайды. Адамдарға алдын ала ескерту жасалған.

Қазір Есіл өзенінің бойындағы Бәйтерек, Тепличное, Соколовка, Заречный және Долматово елді мекендері қатаң бақылауға алынған. Бұл аумақтарда су деңгейі түспей тұр. Онда арнайы жұмыс тобы бекітілген. Мамандар тәулік бойы мониторинг жасайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Петропавл іргесіндегі Заречный кенті маңындағы тас жолды су басып, көлік қозғалысына шектеу қойылған еді. Бұл жерде полицейлер кезекшілік етеді. Жүргізушілер айналма жолмен жүр.

"Сергеев су қоймасындағы жағдай бірқалыпты", – дейді мамандар.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бөгет үстімен ағып жатқан ағыстың биіктігі 61 сантиметрге дейін төмендеген. Сондықтан Есіл өзені былтырғыдай асып-тасыған жоқ. Бұл көктемгі тасқынның беті қайтты деген сөз. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды әлі де сақ болуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу