Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында 2016 жылы 3 білім беру нысаны салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"2015 жылы Петропавл қаласында "бюджеттiк несиелеу" бағдарламасының бағыты бойынша жылумен және сумен жабдықтау бойынша 2 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды. 2016 жылы бюджеттiк несиелеу бағдарламасы аясында 3,2 млрд. теңгеге 6 жоба, оның iшiнде 2 сумен жабдықтау бойынша, ал 4-i су тарту бойынша жүзеге асырылды",– делінген хабарламада.
2016 жылы 3 жоба пайдалануға берiлдi. 2017 жылы бюджеттiк несиелеу бағдарламасы бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
2015-2016 жылдары 3 мектептiң құрылысына 3,2 млрд. теңге қаражат бөлiндi. Игерiлген қаражат есебiнен 3 бiлiм беру мекемесi пайдалануға берiлдi.