Петропавл қаласында бір жанұядан үш адамды өлтірді

2027

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Петропавл қаласында бір жанұядан үш адамды өлтірді Фото: freepik

28 желтоқсан күні сағат 13.25-те полицияға зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесінің табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ұстауға іздеу салуда.

Айта кету керек, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу