Петропавл қаласының әкімі өз еркімен отставкаға кетті

681

Бұл туралы Болат Жұмабековтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавл қаласының әкімі өз еркімен отставкаға кетті

"Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті. Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК/Ось төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін", – деп жазды Жұмабеков.

Айта кетсек, Болат Жұмабеков 2012-2013 жылдары қалаға әкім болды. 2019 жылдың сәуір айында бұл қызметке қайта тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу