Осылайша, соңғы бірнеше сағаттың ішінде су деңгейі өзгерген жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты Петропавлов news порталына сілтеме жасап.
Ал Петропавл су қоймасындағы судың деңгейі 1 сантиметрге көтеріліп, 1066 сантиметрді құрады. Сол сияқты Долматово аулына жақын жерде Есілдің деңгейі тағы 3 сантиметрге көтерілді. Ол жақта судың деңгейі 1416 сантиметрге жетті.
Айта кетері, қазіргі кезде Қызылжар ауданында су тасқынының қаупі жоғары болып тұр. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарын су басу қаупі бар.