Петропавл станциясы енді Ресей уақытымен жұмыс істемейді

802

Бұған дейін вокзал қызметкерлері ғимараттағы сағаттарды Мәскеу уақытымен тексеретін. Себебі теміржол вокзалы барлық инфрақұрлымымен Ресей темір жолдары желілерінің қарамағында еді. 

 Петропавл станциясы енді Ресей уақытымен жұмыс істемейді

Петропавлда бүгіннен бастап  жол жүру кестесі, билет және электронды таблода жергілікті уақыт көрсетіледі. Бұған дейін аталмыш бекеткеттен пойыздар Мәскеу уақытымен қозғалса, енді жергілікті уақытпен жүретін болады, деп хабарлайды Atameken TV. 

Бұған дейін вокзал қызметкерлері ғимараттағы сағаттарды Мәскеу уақытымен тексеретін. Себебі теміржол вокзалы барлық инфрақұрлымымен Ресей темір жолдары желілерінің қарамағында еді. 

"Осыған дейін біздің билеттерде келіп - кету Мәскеу уақытымен көрсетіліп келген. Сондай-ақ, қала маңы мен алыс бағытқа жүретін барлық пойыздардың уақыты Ресейлік болған. Енді жолаушылар шатаспас үшін осындай жаңашылдық енгізіп отырмыз", - дейді Петропавл  қаласы темір жол вокзалының кассалар бөлімінің басшысы Ольга Жепко.

 Күніне 2 мыңнан астам жолаушы қабылдайтын Петропавл станциясы енді Астана уақытымен жұмыс істеп, қалыпты режимдегі жұмысын жалғастыра бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу