Петропавл су қоймасына 6 миллионға жуық шабақ жіберілді

835

Су қоймаларын балықпен байыту жұмыстары басталып кетті. 

Петропавл су қоймасына 6 миллионға жуық шабақ жіберілді

Петропавл су қоймасына мемлекеттік тапсырыс негізінде 6 млн-ға жуық ақсаха тұқымдас шабақ жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Петропавл балық питомнигі" кәсіпорнының мамандары жоспар бойынша биыл жергілікті көлдерге 46 млн құртшабақтарды жіберуі қажет. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 42 млн-нан астам теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Су қоймаларын балықпен байыту жұмыстары басталып кетті. Қараша айынан бастап арнайы аппараттарда өсірілген ақсаха тұқымдас балықтың шабақтары бүгін Петропавл және Сергеев су қоймаларына жіберілді.

Мамандардың айтуынша, шабақтар жарты жыл бойы инкубациялық цехта жетілді. Олар өліп қалмауы үшін цехтың іші 1 градус жылы, судың температурасы + 6-7 градустан төмендемеуі тиіс. Өсірілген шабақтар су қоймаларына полиэтилен пакеттермен жеткізіледі. Осы жолы Петропавл су қоймасына қапшықтың 59-ы әзірленді. Әрқайсысында шамамен 100 мың құртшабақ бар.

"Бүгін біздің кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс бойынша су қоймаларын балықтандыра бастады. Биыл жоспар бойынша ақсаха балығының 46 млн 282 мың құртшабағын екі су қоймасына жіберуіміз керек. Бүгін Петропавл су қоймасына 5 млн 900 мыңын жіберсек, қалғанын Сергеев су қоймасына апарамыз",  –  дейді "Петропавл балық питомнигі" РМҚК директоры Ержан Жұмабаев.

Ал күз мезгілінде көлдерге тұқы балығының 1 млн 66 мың шабағын жіберу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу