Петропавл тұрғыны Полиция басқармасының қақ алдына барып, дрифт жаасаған

759

Әлеуметтік желіде Жұмабаев көшесіндегі Полиция басқармасының алдында Lada Grantа көлігін мінген жүргізушінің дрифт жасаған бейнежазбасы тарады.

Петропавл тұрғыны Полиция басқармасының қақ алдына барып, дрифт жаасаған Фото: canva.com

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында көлік Пестрое көлінің маңындағы саяжайдан табылды. Көп ұзамай жүргізуші де ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам көлік тізгінінде өзі болғанын растады. Бұлай жасауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзелісі себеп болғанын айтты.

Жасалған бұзушылықтар үшін жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу