Петропавл тұрғынының қоймасынан 15 мың қорап заңсыз темекі тәркіленді

326

Сондай-ақ қоймадан көлемі 180 литрді құрайтын спирт иісі бар сұйықтық табылған.  

Петропавл тұрғынының қоймасынан 15 мың қорап заңсыз темекі тәркіленді Фото: СҚО Полиция департаменті

Петропавлда 54 жастағы тұрғын жалға алған қоймадан акциздік таңбасы жоқ темекі өнімдері мен спирт иісі бар сұйықтықтың ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, тексеру қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан қоймада жүргізілген.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары акциздік таңбасы жоқ 15 мыңға жуық қорап темекіні анықтаған.

 "Анықталған барлық өнім тәркіленді. Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін процестік шешім қабылдау үшін СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді", – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені немесе алкогольдік өнім тұтынғаны үшін 7018 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу