Петропавл түрмесінде тәркіленген заттардың көрмесі өтті

562

Мамандардың айтуынша, түрме аумағына тыйым салынған заттарды жасырып әкелу әрекеттері тыйылмай тұр.  

Петропавл түрмесінде тәркіленген заттардың көрмесі өтті Фото: azattyq-ruhy.kz

Петропавл түрмесінде тәркіленген заттар көрмесі өтті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жазасын өтеушілердің туған-туыстары түзету мекемесіне кіргізбек болған бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

Үздіксіз жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, сотталғандар мен тұрғындар түрме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізудің түрлі тәсілін табуда.    

Мамандардың айтуынша, түрме аумағына тыйым салынған заттарды жасырып әкелу әрекеттері азаяр емес. Былтыр түрмеге ұялы байланыс құралдарын алып кірудің 51 фактісі тіркелген. Ал жалпы жиналған құралдар саны – 89 дана. Тыйым салынған құрылғылар көбінесе сотталғандарға үйлерінен келген сәлемдемелерден табылады.     

"Бүгін тыйым салынған заттардың көрмесін ұйымдастырдық. Жалпы сотталғандардың туыстары мен жақындары мекемеге ақша, алкоголь, есірткі, пышақ және ұялы байланыс құралдары секілді заттарды алып кірмек болады. Біз әр адамды жіті тексереміз. Алайда, осындай фактілер әлі күнге дейін тыйылар емес", - дейді СҚО бойынша ҚАЖД режим және қадағалау бөлімінің аға жедел уәкілі Дәулет Имамбаев.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу