Петропавл жылу электр орталығы-2-дегі зиянды шығарындылар бірнеше есеге азайды

272

Кейбір көрсеткіштер бойынша ластаушы заттар көлемі 3–4 есеге төмендеген.  

Петропавл жылу электр орталығы-2-дегі зиянды шығарындылар бірнеше есеге азайды Фото: Qaz365.kz

СЕВКАЗЭНЕРГО мәліметінше, Петропавл жылу электр орталығы-2-де ластаушы заттар шығарындылары белгіленген нормативтерден төмен деңгейде сақталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, №1 мұржа бойынша күкірт диоксидінің нормативі 4194 мг/нм³ болса, 2025 жылғы нақты көрсеткіш 1186 мг/нм³ болған.

Кәсіпорында орнатылған автоматтандырылған мониторинг жүйелері түтін мұржалары мен су төгінділеріндегі зиянды заттардың көлемін нақты уақыт режимінде бақылап отырады. Жүйе азот оксидтері, көміртек оксиді, күкірт диоксиді және шаң мөлшерін үздіксіз тіркейді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жоба аясында "таза көмір" технологияларын енгізіп жатыр. Жоба нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды шығарындыларды 34%-ға қысқарту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу