Петропавлда 11 жылдан бері мектеп салынбаған

1154

Бұл жылдар ішінде мектепке деген мұқтаждық өскен.

Петропавлда 11 жылдан бері мектеп салынбаған

СҚО университетіне Үндістаннан 150 студент келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда соңғы рет 11 жыл бұрын мектеп салынған. Бұл жылдар ішінде мектептерге деген мұқтаждық деңгейі өскен. Оқушылар бірнеше ауысыммен білім алуға мәжбүр болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарында Петропавл мен Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тағы 2 мектеп салу қарастырылған.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған. Соңғы 5 жылда мектеп жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге қаржы бөлінді. Жыл сайын 10-15 мектеп жөндеуден өтіп тұрған. Келесі жылы республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа бірден 120 мектепке жөндеу жұмысы жүргізіледі.  

"Жыл сайын компьютер сатып алуға 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Дегенмен, 7 мыңнан астам құрылғының тозығы жетті. Келесі жылы бірден 4 мың компьютер сатып аламыз", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қатысты шешілмеген бірқатар мәселе бар. Білім ордасы үшін жаңа зертханалық корпус салуға және техниканың соңғы үлгілерімен жабдықтауға уәде берілді. Корпус салынып жатқан 2 жыл ішінде өңірдегі студенттердің санын 10 мыңға жеткізу жоспарланған.

"Биыл шетелдік студенттерді көптеп тартудамыз. Жақын күндері Үндістаннан 150 студент келеді. Сонымен қоса, оқытушыларды да дайындадық. Дәл қазір шетелден профессорларды шақыртуға бар күшімізді салып жатырмыз", - деді Құмар Ақсақалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу