"Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1109 қаулысы негізінде жылыту маусымы осы жылдың 24 қыркүйегінен басталады. Бірінші кезекте жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, емханаларға және т.б. беріледі. Екінші кезекте көпқабатты үйлер қосылады. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелді", – делінген жазбада.