Петропавлда лаңкестік әрекет туралы жалған хабар берді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқова айтты, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Өткен жексенбіде кешке "102" нөміріне теміржол вокзалының екінші қабатында жарылғыш зат барлығы туралы хабарлама келіп түскен. Станция аймағы дереу қоршауға алынып, ғимараттан 250 адам шығарылған.
Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Іле-шала жалған хабар берген күдікті әйел ұсталды. Ол 1980 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты.
Іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу