Петропавлда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

101

Бүлдіршіннің жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. 

Петропавлда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті Фото: gov.kz

Оқиға 17 қыркүйек күні болған. Бір сәт ересектердің бақылауынсыз қалған бала терезеден абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. 

– Баланы жалғыз өзін қараусыз қалдыруға болмайды. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасап, терезелерге үйді желдетуге арналған арнайы бекіткіштер орнату қажет, – деп еске салды тәртіп сақшылары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу