Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті

318

Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін күресіп жатыр.

Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті Фото: freepik

Петропавлда аса ауыр жарақат алған нәресте облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиға кеше түс шамасында болған. Анасы дәрігерлерге баланың ас бөлмесінде орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткенін айтты.

— Бала жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде барлық қажетті емді алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, сол жақ көз ұясы аймағында жарасы бар. Қажетті диагностикалық тексерістер, дәрігерлердің консилиумдары жүргізіліп, ашық бас-миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Травматикалық шок алған. Бала миына бірнеше рет динамикада компьютерлік томография жасалды. Оның нәтижелері бойынша хирургиялық емдеуден бас тарттық. Бірнеше күннен кейін қайтадан КТ жасап, жағдайын көреміз. Қазіргі уақытта бактерияға қарсы, инфузиялық-трансфузиялық, гемостатикалық және ісінуге қарсы, симптоматикалық терапия жүргізіліп жатыр, — дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Полиция қызметкерлері баланың жарақат алу фактісі бойынша мән-жайды анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Бұл дерек Петропавл қалалық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бала үй жағдайындағы жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу