Петропавлда 8 студент теміреткі жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Олардың барлығында дене терісінің дерматофитиясына күдік бар.  

Петропавлда 8 студент теміреткі жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды Фото: gov.kz

Теріні зақымдайтын саңырауқұлақ инфекциясы күнделікті тұрмыста теміреткі деген атауға ие, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

25 қыркүйек күні Петропавл қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына көпбейінді облыстық ауруханадан 8 науқас туралы шұғыл хабарлама түскен.

Басқарманың эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Анара Құрғанбаеваның сөзінше, науқастардың барлығы жатақхананың бір қабатында тұрады. Олардың бөлмелері бір-біріне жақын орналасқан. Сонымен қатар, студенттер арасында тығыз тұрмыстық байланыс болған.

Қазір диагноз нақтыланып жатыр. Тері-венерологиялық диспансерде патологиялық материалға зертханалық зерттеу жүргізілуде.

Колледж бен жатақханада эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар инфекцияның таралу көзін және оның ықтимал жұғу жолдарын анықтауда.

Жатақханада және студенттердің тұрғылықты жерлерінде қорытынды дезинфекция жүргізілді. Колледжде де індетке қарсы тиісті шаралар қабылдануы керек.

Емдеу аяқталғаннан кейін дәрігерлер пациенттерді бір ай бойы бақылауда ұстайды. Осы кезеңде олардың жағдайын бақылау үшін екі рет зертханалық тексеру жүргізілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу