Петропавлда әйелін пышақтаған ер адам 10 жылға сотталды

355

Ал ауыр қылмыстың ізін жасыруға көмектескен оның немере інісі 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Петропавлда әйелін пышақтаған ер адам 10 жылға сотталды Фото: freepik

Петропавлда әйелін пышақтап өлтірген ер адам 10,5 жылға, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс былтыр 13 шілде күні Петропавлда жасалған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оны үй маңындағы орманға апарған. Сол жерде ас үй пышағын әйеліне бірнеше рет сұғып, кейін денені жасыру үшін көмекке немере інісін шақырған. Күрек ала келуін өтінген.

Кейін екеуі денені жыраға тастап, үстін топырақ, жапырақпен жауып кеткен.

Қылмыскерлер кінәні толық мойындады, олардың қылмысы сараптама қорытындысымен, айғақ заттармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Прокурор айыпталушыны 11 жылға, ал оның немере інісін 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық іс бүгін СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Сот ер адамды 10,5 жылға, оның туысын 1,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу