Петропавлда алименттен қашқан әкенің қарызы 1,5 миллион теңгеден асқан

1425

Петропавлда алименттен қашқан әкенің қарызы 1,5 миллион теңгеден асқан

Солтүстік Қазақстан полицейлері борышкерлерді іздеу бойынша үш күндік акция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, акция басында көші-қон полиция басқармасының өндірісінде 133 іздестіру ісі болған. Тәртіп сақшылары кішкентай қызына төлемеген алименті 1,5 миллион теңгеге жеткен петропавлдықтың тұратын жерін анықтады. Ал өзі бұдан мүлдем бейхабар екенін айтып, ақталған.

"ҚР заңнамасына сәйкес, іздеу салынған борышкер немесе алимент төлемей жүрген адам екінші рет жасырынса, қылмыстық жауапқа тартылады. Ол үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді басқарма бастығы Талғат Әбілов.

Полицейлер борышкерлерді іздеудің машақаты көп екенін айтады. Борышын төлеуден жалтарғандар жиі пәтер алмастырып, кейбірі тіпті елден шығып кететін көрінеді.  

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 27 адамның мекенжайын анықтады. Соның 15-і қарызды болса, 8-і алимент төлемеген. Ал қалған төртеуін туыстары іздеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу