Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндірумен айналысатын жасырын цех, анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Цех ашқандар өнімдер облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сатуды көздеген.
"Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу