Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігерлері ауруханаға ауыр жағдайда түскен ер адамның өмірі үшін 12 күн бойы күрескен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Пациенттің сөзінше, мұндай асқынулар бұрын да болған, бірақ осыншама ауыр түрі болмаған екен. Осы жағдайдың алдында ол диетаны бұзған, кола мен энергетик ішкен, ащы кеспе жеген. Түнгі уақытта іші қатты ауыра бастаған. Науқас таңертеңге дейін шыдауға тырысқанымен, түнде қатты ауырып, жедел жәрдем шақырған", – деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Науқастың жағдайы бірден нашарлап, шұғыл операция жасалған. Өздігінен тыныс ала алмай, аппартқа қосылған. Жансақтау бөлімінде 12 күн жатып, 20 күн ішінде жазылып шыққан.