Петропавлда аумағы 4 мың шаршы метр болатын шатыр опырылып түсті

784

Петропавлда аумағы 4 мың шаршы метр болатын шатыр опырылып түсті

Петропавлда құрылыс базаларының бірінде қойма шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

"Я.Гашека, 1А мекенжайында салынып бітпеген қоймалар бар. Қоймалар бос тұрған, онда ештеңе сақталмаған. 4 мың шаршы метрлік шатыр опырылып түскен. Қоймалар жеке меншік иесіне тиесілі", - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Оның неден қирағаны анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу